м
Мектебімізде оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік пен тәртіп құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Адал азамат – Әділетті Қазақстан тірегі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар адал азамат болудың маңыздылығы, әділ қоғам құрудағы әр адамның рөлі және адамгершілік құндылықтар туралы ой бөлісті. Сынып сағаты мазмұнды әрі қызықты бөлімдермен толықтырылды.
Музыкалық шашу бөлімінде Қонысбек Іңкәр А. Комаровскийдің «Анданте» шығармасын орындап, қатысушыларға әсем әуен сыйлады.
Интерактивті бөлімде «Қыран» викторинасы ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты. Сонымен қатар Ғиззат Қалиахмет Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындап, ұлттық өнеріміздің рухын сезіндірді.
Іс-шараның қызықты сәттерінің бірі – «Адалдық және Тәртіп» ойыны болды. Ойын барысында оқушылар адал болудың, тәртіп сақтаудың және өз ісіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсінді.
Сынып сағаты оқушыларды адалдыққа, әділдікке, отансүйгіштікке және жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталды. Әрбір оқушының бойында осы құндылықтарды қалыптастыру – жарқын болашақ пен әділетті қоғамның негізі.
Жауаптылар: Имангалиева С.К., Карабекова А.М.