Текст

2026 жылғы 6 қазанда Зеренді аудандық Мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Мерекелік шараға Балалар музыка мектебінің оқытушылары қатысып, өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетті.
Кажыгалиева Гульнафис Башариновнаның жетекшілігіндегі ВИА ансамблі «Mama Mariya» және «Не повторяется такое никогда» әндерін орындады.
Сонымен қатар мектеп оқытушыларынан құралған квартет «Мектебім» және «Ұстазым» әндерін орындады.
Мерекелік концерт жылы әрі әсерлі атмосферада өтіп, барша ұстаздарға еңбектеріне деген құрмет пен ризашылықты білдіретін тамаша мерекелік сый болды.

