"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа села Зеренда  при отделе образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

ЖЕҢІСТЕРІМІЗБЕН МАҚТАНАМЫЗ! «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі — «Импульс» республикалық байқауының Гран-при иегері! 2026 жылғы 25 қазанда Көкшетау қаласында өткен «Импульс» республикалық көпжанрлы байқауында «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі өз өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, ұлттық музыкалық өнерге деген сүйіспеншілігі мен шеберлігін танытты. Байқау қорытындысы бойынша «Қорқыт сазы» ансамблі Гран-при жүлдесін иеленіп, 10 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды! Ансамбль жетекшісі Қарабекова Акерке Жанатлековна жас өнерпаздардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға қосқан үлесі, кәсіби шеберлігі мен еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Ансамбль мүшелері мен жетекшісін лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, толағай жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз! Қобыздың күмбірлеген үні халқымыздың бай мұрасын дәріптеп, әрдайым биіктерден көріне берсін!

27.10.2026
Просмотров: 16


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст